2015 жылғы 27 ақпан, Астана қаласы
Энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған электр энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін энергиясына шекті тарифтер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қантарына дейін күшке ие.
Министр В.ШКОЛЬНИК
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы №160 бұйрығымен бекітілген
Энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтер
теңге/кВтс
Тобы Жылдар бойынша энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін
электр энергиясына шекті тарифтер
2015
1-топ 8,8
2-топ 8,7
3-топ 7,5
4-топ 6,0
5-топ 8,05
6-топ 8,3
7-топ 7,3
8-топ 7,5
9-топ 7,6
10-топ 8,6
11-топ 11,62
12-топ 8,8
13-топ 4,5
14-топ 10,64
15-топ 8,3
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 31 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 10595 болып енгізілді.